"Жар іздеп бармадым": актриса Жанель Мақажан "Қалаулым" бағдарламасы туралы айтты
Қазақстандық танымал актриса Жанель Мақажан "Қалаулым" бағдарламасына қатысты пікір білдіріп, атышулы жобаға не үшін барғанын ашып айтты. Өнер иесі аталмыш бағдарлама жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды.
Жанель Мақажан "Қалаулым" бағдарламасына қалай келгені туралы "Айтарым бар" подкастында айтып берді. Актриса атышулы жобаға барғаны үшін өнердегі бірқатар ағаларынан ұрыс естігенін жасырмады. "Мен телевизор қарамайтын адаммын. Ол кезде түсірілімдерім көп еді. Таңнан таңға дейін түсірілім болады. Үйге келіп теледидар көретін уақыт жоқ. Сол кезде маған "Қалаулымға "барып отырсаң деген ұсыныс түседі. Ол жаққа жігіт-күйеу іздеп бармадым. Адамдар қызықтырып айтты. Оқырман жинап аласың деген де идеялар айтылды. Оған дейін бұл қандай бағдарлама екенін қарамаппын. Менің қателігім сол болып тұр. Дұрыс зерттеп, сараптап қарамадым. Сол жерде істейтін адам күшті сипаттап, қызықтырды. Танымал боласың, оқырмандар көбейеді деп қызықтырған соң барғанмын. Телевизиялық жоба болған соң бардым. Күйеу іздеп бармадым. Онсыз да мені ұнатып жүргендер көп болған", - деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды