Жарым түнде әйелін сүйрелеген ер адам Арман Шораев болып шықты
Қоғам белсендісі Арман Шораев азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соқты деген күдікке ілінді,-деп хабарлайды politico.kz
Күні кеше әлеуметтік желілерде бәз біреудің әйелін соққыға жыққан видеосы тараған болатын. Журналист Михаил Козачков бейнежазбадағы ер адамның Арман Шораев екенін мәлімдеді.
Бүгін Астана қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша А.Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті экспертизалар тағайындалдыОқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.
Шораевтың өзі Facebook желісінде "жасанды интеллекттің құрбаны болғанын" және журналистке қарсы арыз түсіретінін хабарлады.
"Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар үшін Козачковка ақша төленеді", – дейді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады