“Жауап бере салу қиын ба”: Аудан әкімінің видеосы желіде талқыға түсті

“Жауап бере салу қиын ба”: Аудан әкімінің видеосы желіде талқыға түсті
01.04.2025 13:52
0
431
видеодан алынған кадр\ stan.kz

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Видеода әкімнің сұхбат беруден бас тартып, оқиға орнынан тез кетіп бара жатқаны көрінеді. Бұл жағдай көпшілік арасында түрлі пікір туғызды.

Іле ауданы әкімдігінің түсіндіруінше, оқиға 22 наурыз күні Наурыз мерекесін тойлау барысында болған. Аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевтың айтуынша, сол күні облыс әкімі Іле ауданына арнайы іссапармен келген, ал мерекелік шаралар кестесі өте тығыз болған. Осы себепті Қайыржан Жақсымбетов түсірілім тобына сол сәтте сұхбат беруге мүмкіндік таппаған.

"Әкім облыс әкімімен кездесуге асығып бара жатқан. Кесте өте тығыз болды. Сол күні тіпті 5 минут бос уақыт болмады", – деп нақтылады Қуат Ақшабаев.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі көзқарас білдіріп жатыр. Бірі әкімнің әрекетін түсіністікпен қабылдаса, енді бірі халықпен ашық диалог орнатудың маңыздылығын алға тартуда. Оқиға қоғамда шенеуніктердің қолжетімділігі мен жариялылығы мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий