“Жай жүре алмай қалдық”: Семейде ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасады (ВИДЕО)

“Жай жүре алмай қалдық”: Семейде ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасады (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Семейде мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарды соққыға жыққан

Семейде ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Оқиға 7 мамыр күні кешкі уақытта Глинки көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, “Рауан” кафесінен шыққан ер адам өзін агрессивті ұстап, көшедегі адамдарға тиісіп, бір жігітті соққыға жыққан. Сонымен қатар оның жанындағы қызға да қол көтерген.

Оқиға куәгері әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ер адамның мас күйде немесе есірткі әсерінде болуы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, мұндай жағдайлар тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызады.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал шығарған 33 жастағы Семей тұрғыны анықталып, ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу