"Жайлы өмірге үйреніп кеткен": Сұлтан Қамалетдинов жастардың әскерден қашқақтауының себептерін атады

05.06.2025 12:15
0
331
Фото: arasha.kz

Қазақстандықтар әскерге барудан неліктен қорқады? Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылардың әскери қызметке деген қауіптенуіне қатысты түсініктеме берді. Министрдің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтың пікірінше, жастардың "жайлы өмір сүруге" үйреніп кетуі, еркіндікті және қалыптасқан өмір салтын өзгертуден қорқуы негізгі себеп болып отыр.

Журналистердің әскерде өлім жағдайларының орын алатыны туралы сауалына Сұлтан Қамалетдинов былай деп жауап берді: "Адамдар тек Қарулы күштерде ғана емес, мектептерде, балабақшаларда, өкінішке орай, жолдарда да қаза табады. Сондықтан мен назарды тек осыған аудармас едім. Қарулы күштерде мұндай оқиғалардың айтарлықтай төмендегенін көрсететін статистика бар".

Сондай-ақ, Қамалетдинов әлеуметтік желілердегі әскерге шақырылушыларды көшеде ұстау туралы жарияланымдарға қатысты пікір білдірді. Ол ҚР Конституциясында әскери қызметті ерікті атқару емес, азаматтың орындауға міндетті борышы мен міндеті бар екенін атап өтті.

"Егер ол орындамаса, онда заң сол азаматқа қатысты әрекет етуі керек", — деді Сұлтан Қамалетдинов. Оның сөзінше, егер қазақстандықтар өздеріне заңсыз әрекет жасалды деп санаса, сотқа жүгінуге құқылы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий