Жаз айларында саясаткерлердің ұйқысын қандай оқиғалар бұзуы мүмкін

Саясаттағы тыныштықты не бұзуы мүмкін?
Жазғы саяси маусымның үзілісі әлі де шулы болмақ. Маусымның соңында өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысы – тек қорытынды емес, кей шенеуніктер мен құрылымдар үшін күрделі кезеңнің басы болуы мүмкін.
Саясаткерлер мен шенеуніктерге ұйқы бермейтін факторлар қатарында ең алдымен - атышулы тұлғалардың қамауға алынуы тұр. Бұл тергеулердің бір бөлігі күзге қалдырылуы ықтимал, дегенмен кейбір істер уақыт күтпейді. Мысалы, Мұрат Боранбаевтың «еркімен келуі» мен оның ісінің кенеттен қайта көтерілгені кездейсоқ емес. Алматыдағы көлеңкелі экономикаға бағытталған күш құрылымдарының белсенділігі арта түсті. Бұл істер Алматының бұрынғы әкімдерімен байланысы болуы ықтимал жаңа «табыстарға» жол ашып береді.
Бұдан бөлек, жазда қылмыстық тексерулерге ілінуі мүмкін тағы бір сала – көлік және инфрақұрылым министрлігі. Министрсіз ұзақ уақыт бойы қалып қойған бұл ведомствоның айналасында да топтық мүдделердің тартысы күшейіп тұрғандай. Сонымен қатар, жаз бойы түрлі деңгейдегі әкімдіктер де аудит пен тексерулердің нысанына айналуы мүмкін — күзге дейін "есеп беретін" лауазым иелері табылуы керек.
Ал Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігі жаздың аптап ыстығында одан да күрделі сын-қатерлерге тап болады. Министр Шыңғыс Әріновтың ведомствосына жаңа өкілеттіктер берілгенімен, бұл жоғары күтулер мен ішкі аппараттық бәсекелестікті де арттырады. Шілде мен тамыз айларында бұл саладағы кез келген ЧС — билік үшін қоғамдық наразылықтың ұйытқысына айналуы мүмкін.
Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың сайғақтарды ату туралы ұсынысы да жазда қызу талқылануы мүмкін тақырыпқа айналды. Мұндай қадамдар министрге жүйеге «пайдалы» екенін дәлелдеудің жолы болуы мүмкін, бірақ дәл осындай резонансты шешімдер билік тарапынан теріс қабылданып, кадрлық өзгерістерге себеп болуы ықтимал.
Сондықтан, тамыз айының соңы жақындаған сайын, Экология министрлігі басшылығының түндері ұйқысыз болатын сияқты.
Дереккөз: Злобная татешка
Соңғы жаңалықтар





