«Жеке өміріме қол сұқпаңыздар»: Альмира Тұрсын тіл тигізгендерді сотқа беретінін мәлімдеді

15.01.2026 10:31 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жеке өміріме қол сұқпаңыздар»: Альмира Тұрсын тіл тигізгендерді сотқа беретінін мәлімдеді
0
53
Коллаж: Politico.kz

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың екінші жары ретінде көпшілікке белгілі актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі жеке өміріне қатысты орынсыз пікір айтып, балағат сөз жазатын жандарға енді заң аясында жауап беретінін ашық айтты. Оның сөзінше, әлеуметтік желідегі парақшасы өсек пен әңгіме үшін емес, пайдалы контент пен ортақ қызығушылықтағы адамдарға арналған.

«Бұл парақшада мен коучинг, психология, кәсіби бағдар, шығармашылық, кітаптар, мәдениет, даму мен өмірлік құндылықтар туралы ой бөлісемін. Жеке өмірім – талқылауға ашық тақырып емес. Сырт келбетіме, отбасылық жағдайыма қатысты сұралмаған пікір мен “ақыл” айтатындарды елемеймін әрі бұғаттаймын. Себебі шекара бар», – деп жазды актриса.

Альмира Тұрсын уытты пікірлер мен фейк аккаунттар арқылы жасалатын қорлаулардың барлығы тіркеліп, скриншоттар сақталатынын да ескертті. Қажет болған жағдайда ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, сондай-ақ интернетте жалған әрі қорлайтын ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгінетінін жеткізді.

Оның айтуынша, анонимді парақшалардың да авторын сот процесі барысында анықтауға толық мүмкіндік бар.

«Үндемей отырғаным әлсіздік емес. Әр сөздің, әр әрекеттің заң алдында жауапкершілігі бар екенін ұмытпаңыздар», – деді ол.

Актриса парақшасына жазылған жандарды мәдениетті диалог пен сыйластыққа шақырып, «қонақта екендеріңізді естен шығармаңыздар» деп түйіндеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий