"Жер теріс айналады": Жанат Бақыт елді шошытты

09.12.2025 13:24 Мөлдір Талғат
0
227
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жанат Бақыт

Тележурналист Жанат Бақыт тікелей эфирінде тағы тосын мәлімдеме жасап, елді дүрліктірді, деп хабарлады POLITICO.KZ.

Оның мәлімдеуінше, он жылдан кейін ғаламды сұмдық өзгерістер күтіп тұр.

"Материалдық әлемге байланбағандар басқа өлшемде өмір сүріп жүреді. Солай жүреді де денесін тастап кете береді, дейді. Адамдарға көмекке түскен жолсеріктер болады, солар жетелейді. 2028, 2036, 2037-жылдың соңында Жер теріс айналады. Мұхиттың барлығы теріс ағады. Одан кейін жерде "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" мамыражай өмір басталады. Ал 2050-жылы қорқынышқа құралған, аяқтан шалу, көреалмаушылық сынды сезімдер болмайды. Жер толықтай тазарады. Ешкім ешкіммен алыспайды. Ол кезде адам адаммен сөйлесудің қажеттілігі жоқ. Барлығымыз оймен сөйлесеміз. Адам толықтай Құдай сипатты болып өзгереді деген де ақпарат айтылады. Бірақ оған дейін уақыт бар. Әлі екі әлем арасында шайқалып жүруімізге тура келеді", - деді ол. 

Сондай-ақ, ол ана жолы басымдық алатынын да айтты.

"Ата-тегіміз жанталасып жатыр. Жоба жасау барысында бір ұққаным бар. Біз көбіне патриархат заманында өмір сүрдік. Әке жақтың тармағына көп мән береміз. Ал адамдардың ата-тегі оң жақтан әке, сол жақтан ана деп келеді. Енді әке жақтың ата-тегі басын иіп, жол беріп тұрады да ана жақтың ата-тегі келеді. Бірінші жолдауды ана жақ айтады. Баланың жақсысы - нағашыдан, деген бекер емес сияқты", - дейді ол оқырмандарын тағы да ойландырып. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий