Жетісу облысында әйелді көршісі күрекпен ұрған (ВИДЕО)
964
Жетісу облысы Ақсу ауданы Суықсай ауылында әйелге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 3 наурыз күні күндіз оның үйінің ауласында болған.
49 жастағы ер адам мас күйде әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел ескерту жасаған кезде, ол күрекпен ұрып, бірнеше рет соққы берген, оның ішінде басынан да ұрған.
Шабуылдаушыны тек балалардың айқайына жиналған ауыл тұрғындары тоқтата алған. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр.
Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
09:08
«Достық емес, Ленин»: қазақша көше атауларын мо...
08.10.2026
09:00
«Тіркеуден шығара беріңдер»: Мақпал Жүнісова Пр...
08.10.2026
09:00
«Баламызды соғыстан қайтарыңдар»: ата-аналар Сы...
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...