Жетісу облысында ГЭС-тегі апаттың зардаптары жойылды

Жетісу облысындағы су электр стансасындағы болған апаттың зардаптары жойылды, халыққа қауіп жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.
Кеше, 12 тамызда сағат 17:00-де Сарқан ауданы Екіаша ауылындағы «Кіші Басқан» өзенінде орналасқан ВБ ГЭС-2 станциясында болған су құбырының жарылуына байланысты Жетісу облысының әкімдігі түсініктеме берді. Ресми ақпарат бойынша, судың таралуы станция аумағынан аспаған, тұрғындар мен үйлерге ешқандай қауіp төнген жоқ.
«Baskan Power» ЖШС мамандары суды дереу тоқтатып, құбырды кешкі сағат 18:00-ге дейін толықтай босатқан. Станция ғимаратының ішіндегі су толығымен сорылып, қазіргі уақытта апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Компанияның техникалық директоры Данияр Досабаевтың айтуынша, бұл технологиялық құбырдың жарылуы болған, бірақ су толығымен өзен арнасына кеткендіктен, экологиялық қауіп пен жергілікті халыққа келтірілген залал жоқ. Әкімдік әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар





