Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі жеке өмірі жайлы құпияны ашып қойды

02.03.2026 13:01 Мөлдір Талғат
Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі жеке өмірі жайлы құпияны ашып қойды
122
Фото: әл

Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан әнші Жігер Аупбаевтың қазіргі сүйіктісі Мумина жеке өміріне қатысты бірқатар мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Эфир барысында оқырмандардың сұрақтарына жауап берген Мумина Жігерге дейін де сүйген жігіті болғанын жасырмады.

«Бұрын сүйген жігітім болды. Бірақ оның анасы менің оранған түрімді көріп, біздің бірге болуымызға қарсы болды. Солай айырылысып кеттік. Жігер екеуіміз танысқан соң, көп өтпей ол мені жақындарымен таныстырды. Жігердің анасы да орамалдағы кісі болғандықтан, менің орамалыма қарсы болмады. Мен Жігердің киімдерінің дизайнын жасап беремін. Біз солай таныстық», – деді Мумина.

Тікелей эфир кезінде желі қолданушылары «Жігермен бірге тұрасыңдар ма?» деген сұрақты бірнеше рет қойған. Алғашында бұл сауалға нақты жауап бермеген Мумина кейін:

«Иә, біз бірге тұрамыз», – деп жауап берді.

Осыдан кейін пікір білдірушілер тарапынан «Масқара, неке қидыңдар ма?», «Некесіз бірге тұру харам ғой» деген секілді сыни пікірлер жаудырылған. Жазылған пікірлер ауыр тиген болуы мүмкін, Мумина көп ұзамай эфирін тоқтатты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий