Жігіт 15 жастағы бұрынғы сүйіктісін қонақүйде бауыздап тастады

Санкт-Петербург қаласындағы апарт-отельдердің бірінен 15 жастағы жасөспірім қыздың мәйіті табылып, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің өңірлік басқармасы хабарлады.
Оқиға Витебск даңғылындағы қонақүйде орын алған. Тергеу мәліметінше, күдікті жасөспірімді қонақүй нөміріне шақырып, сол жерде оған пышақпен шабуыл жасап, ауыр дене жарақатын салған. Қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Тергеу болжамына сәйкес, қылмысқа «жағымсыз қарым-қатынастар» себеп болған.
«Қылмыстан кейін күдікті өз-өзіне жарақат салған. Қазір ол ауруханаға жеткізілді», – делінген ресми мәлімдемеде.
Аталған факті бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті – Мәскеуден келген 18 жастағы жігіт. Ол марқұм қыздың бұрынғы жігіті болған. Күдікті қылмыс жасауды алдын ала жоспарлап, Санкт-Петербургке арнайы келгені хабарлануда. Сонымен қатар, ол өз ниетін досына айтқан, ал досы бұл туралы полицияға хабар берген.
Соңғы жаңалықтар





