"Жігіттерде көк тиын жоқ". Анар Батырхан жігіттер жайлы ойын айтты

01.05.2025 18:32
0
240
Фото: видеодан скрин

Белгілі тележүргізуші Анар Батырхан Instagram желісінде жігіттермен қарым-қатынасы туралы ойын айтып, қоғамда түрлі пікір тудырды. Ол өзінің ауырып тұрған сәтінде жақын араласатын жігіттің қамқорлық танытпағанын ашық жеткізді.

«Ауырып тұрған кезімде мукалтин алып беруге де жарамады. Оны өзім де сатып ала аламын. Бірақ қамқорлық сезінгім келді. Содан кейін бірден: “өзіңе осының бәріне көнетін амеба қыз тауып ал” дедім», — деді Анар Батырхан жазбасында.

Оның бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бір бөлігі тележүргізушіні қолдап:

«Қазақ жігіттерінде көк тиын жоқ», «Ондай еркектер керек емес», «Ешкімнен ештеңе күтпеу керек» — деп пікір қалдырса, екінші тарап сынға алды.

Сын айтушылар:

«Осыны айтып отырған өзің амеба», «Қазіргі қыздар қиын болып кеткен», «Қу тізеңді құшақтап қалма», — деген секілді пікірлер жазды.

Анар Батырханның жазбасы гендерлік рөлдер мен қазіргі қарым-қатынастардағы өзара қолдау мәселелерін қозғап, қазақстандықтар арасында өзекті тақырыпқа айналды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий