Жоғалып кеткен Ақылбек Жеменей желіде пайда болды

20.03.2025 • 15:27 Берік Арманов
Жоғалып кеткен Ақылбек Жеменей желіде пайда болды
317
Фото: Видеодан скрин

«Қызыл өрік» әнімен танымал болған әнші Ақылбек Жеменей TikTok парақшасын белсенді жүргізе бастаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сахнадан көрінбей, өнерден қол үзіп қалған әншіні оқырмандары сағынып қалғанға ұқсайды. Желі қолданушылары әншінің парақшасына түрлі пікірді жаудырып жатыр.

«Атып шыққанда шошып кеттім ғой», «Тоба, аяқасты қайдан шықтыңыз», «Жақында бір хит шығарайын деп тұр-ау», «Ау, көке, не қылдыңыз?», «Сандықтан шықтыңыз ба, аға?», «Ашып кеткен өрік жеп қойдыңыз ба», «Тоңазытқышта қанша жыл тұрған», — деп жазды олар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий