Жол құрылысына бөлінген қаражатты қадағалау үшін арнайы таңбалау енгізілді

Жол құрылысына бөлінген қаражатты қадағалау үшін арнайы таңбалау енгізілді
23.01.2025 11:32
0
110
gurk.kz
Жол құрылысына бөлінген қаражат енді таңбаланатын болады

Қазақстанда жол құрылысына бөлінген қаражатты жемқорлықтан қорғау үшін арнайы таңбалау әдісі енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл жүйе бюджет қаражатының қозғалысын толығымен цифрландыруға және әр теңгенің қозғалысын соңғы жеткізушіге дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, таңбалау жүйесі алдымен жол құрылысы, көлік және теміржол құрылысы салаларын қамтиды. Механизм алғашқы нәтижелерін көрсетіп үлгерді. Мәселен, 164 миллиард теңге «Достық-Мойынты» теміржол жобасына, ал 100 миллион теңге Атырау облысындағы «Мүкір-Құлсары» автожолын жөндеуге бағытталды.

Антикор мәлімдемесі:
«Бұл өте маңызды жоба. Оның толыққанды енгізілуі жемқорлыққа тосқауыл болады. Мердігерлердің таңбаланған ақшамен "ашық" жұмыс істеуге дайындығы "Open Book"қағидаты бойынша адал бизнесті дамытуға ықпал етеді.»

Сонымен қатар 2024 жылы 1200-ден астам жемқорлық фактілері анықталған. Қазіргі таңда бұл процестер қолмен тексерілуде, нәтижесінде 11 миллиард теңгенің заңсыздықтары анықталған.

Министрлік «цифрланған теңгелер» жүйесін одан әрі дамыту үшін жол құрылысы жобаларына 100-ге жуық жаңа ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр.

Ақпарат CMN.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или