"Жолынан қайтарасың": Исламтанушы жындар әлемі туралы ашық айтты

04.03.2026 15:18 Мөлдір Талғат
1083
Фото: Caravan.kz

Нұр-Мүбарак университетінің докторанты, парапсихолог әрі исламтанушы Бекжан Ажимов жындар әлеміне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттар туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz caravan.kz сайтына сілтеп.

Ол Айша Кеңесбайға берген сұхбатында қарапайым адамдарға жынмен байланыс орнатуға болмайтынын ескертті.

«Қарапайым халыққа, білімі жоқ адамдарға жынмен сөйлесуге болмайды. Параллельді әлем туралы біліміңіз жоқ болса, жынмен сөйлеспеңіз. Ал сол саланы зерттеген маман болсаңыз болады. Себебі кей кезде жын тек оқумен шықпайды. Кейде диалог жасап, келісу керек болады. Тіпті мықты жындарды уағыз айту, дінді түсіндіру арқылы, “Ібіліске жүргеннен не пайда табасың” деп шығарып жіберген жағдайлар болды. Жын тек оқумен шығады деген бос әңгіме», – деді ол.

Сонымен қатар ол өз тәжірибесінде өте көне жындармен кездескенін де мәлімдеді.

«Менің тәжірибемде Сүлеймен пайғамбарымыздың заманынан бері келе жатқан, 28 мың жыл өмір сүрген жын болған. 15–18 мың жылдық жындар да болған. Олардың деңгейі бөлек. Сенің миыңды ағызып жіберетін сұрақтар қояды. Сен сұрақтарға жауап беріп, оны дінге келтіріп, “қарғаны аппағым, кірпіні жұмсағым” деп шығарып саласың. 28 мың жыл өмір сүрген жын “Мен 28 мың жыл өмірімді жамандықпен өткіздім, неше млрд адамды өлтірдім. Құдай мені қалай кешіреді?” деген сұрақ қойды. Оған “Сен Ібіліс емессің, Құдай кешіреді” деп, қатып қалған жүрегін иманға келтіріп шығарасың. Емдеп отырып, адам тілімен сөйлесемін. Жын кірген адамның тілімен сөйлейді», – дейді Бекжан Ажимов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий