Жүкті әйелін шаңсорғыштың сымымен байлап сабаған СҚО тұрғыны төрт жылға сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында аяғы ауыр әйелін аяусыз азаптап, мойнынан байлап ұстаған ер адамға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында ер адам жүкті келіншегін жүйелі түрде соққыға жығып келген. Ол әйелдің ішінен теуіп, тұншықтырып, шаңсорғыштың сымымен мойнынан байлап қойған. Сондай-ақ оны бөлмеде қамап, қорқытып, дәрігерлік көмекке жүгінуіне кедергі келтірген.
Жәбірленушінің берген жауаптарын оқиға куәгерлері, бейнежазбалар және сот-медициналық сараптама құжаттары толық растады.
Сот ер адамды «азаптау» бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Кассациялық саты жазаны жеңілдетуге ешқандай негіз таппай, үкімді толық күшінде қалдырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...