Жұлдыз Әбдікәрімова болашақ сәбиінің жынысын Қайрат Нұртассыз анықтады

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін балаларымен бірге шағын гендер-пати ұйымдастырған. Алайда бұл ерекше отбасылық кеште отағасы Қайрат Нұртас бой көрсетпеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Жұлдыз Әбдікәрімова гендер-патидің қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Ол балаларымен мейрамханаға барып, бесінші перзентінің жынысын солармен бірге анықтаған.
Актриса отбасылық қуаныштан вибео жариялағанымен, көпшілікке әзірге сәбиінің ұл не қыз екенін ашып айтпады.
Оған қоса жұлдызды жанұяның отырысында Қайрат Нұртас көрінбеді. Желі қолданушылары оның келіншегін сұрақтың астына алып, отағасы маңызды шараға неге қатыспағанын білмек болды.
Көпшіліктің көкейіндегі сұраққа шоу-бизнес жұлдызының өзі жауап берген. Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында дәлел ретінде видео жариялап, гендер-пати кезінде жұмыста болғанын жеткізді.
"Жұмыста жүріп, түнделетіп қайтып, мен жоқта гендер-пати шырақтары жанып, қызық болыпты, байқадым", - деген екі ойлы жазба қалдырды әнші.
Соңғы жаңалықтар





