Жұлдыз Әбдікәрімова қызына жүрекжарды жазба арнады

Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше толқынысты күндердің бірі өтіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Осыған орай, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің тұңғыш қызы Сезімге арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, көпшіліктің көңілін толқытты.
Жұлдыздың жазбасында ана мен бала арасындағы бір жыл бойғы сынақтар, сезімдер мен қуаныштар жайлы шынайы баяндалған. Ол қызының мектеп бітіру сәтін өміріндегі үлкен жетістік деп бағалап, жүрекжарды лебізін білдірген:
«Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне, жемісін теретін кезеңге жеттің. Қадамың оң болғай!» – деп жазды актриса.
Сондай-ақ ол қызына деген сенімін ерекше атап өтіп, осы бір кезеңде ана ретінде өзі де рухани өсіп, өмірлік тәжірибе жинағанын жеткізді. Жазба желі қолданушыларының ыстық ықыласына ие болып, көптеген жылы пікірлерге себеп болды.
Соңғы жаңалықтар





