Жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Гүлістанның анасын полиция ұстап әкетті

15.01.2026 16:11 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Гүлістанның анасын полиция ұстап әкетті
0
299
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада полиция балаларының өлімін әділ түрде тергеуді талап еткен үш ананы ұстап әкетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Олардың арасында Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамит те бар.
Бұл туралы адвокат Инга Иманбай жазды. 

«Қайтыс болған жастардың — Сана Мерланның, Адель Ақанованың және Ақнәр Гүлстанның аналарын президент әкімшілігінің кеңсесі (канцеляриясы) ғимаратының алдында полиция қызметкерлері ұстап алып кетті», – деп жазды адвокат. 

Айтуынша, бұл аналар Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініштің мақсаты — балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің объективті, тәуелсіз және толық тергелуін талап ету. 

«Алайда олар ғимаратқа кіріп үлгермеген. Өтініш қабылданбаған. Аналарды полиция белгісіз бағытқа алып кеткен», – дейді адвокат.

Адвокаттың жазуынша, қазіргі уақытта олардың нақты қай полиция бөлімінде екені белгісіз. Не үшін ұстап алып кеткендері де ресми түрде түсіндірілмеген. Олардың адвокаттармен және жақындарымен байланысқа шығуына мүмкіндік берілген-берілмегені де анық емес.
Инга Иманбайдың сөзінше, бұл қарсылық акциясы емес. Бұл — азаматтардың Президентке тікелей жүгіну жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыру әрекеті.

«Осы жағдай аналардың заңды құқықтарын шектеу, қысым көрсету және әділ тергеуге кедергі келтіру белгілерін туындатады», – дейді Инга Иманбай.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий