Жұмыртқа ағының ерекше қасиеті анықталды

Солтүстік Каролина Университетінің зерттеушілері жұмыртқа ағысының ішек шырышты қабығын әлсірететін заттың түзілуін ынталандыратынын анықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Зерттеу нәтижелері The ISME Journal ғылыми журналында жарияланған.
Эксперимент барысында ғалымдар тышқандарды әртүрлі ақуыз көздерімен тамақтандырды. Диета құрамында тек бір ғана ақуыз көзі болды: жұмыртқа ағысы, соя, ашытқы немесе қоңыр күріш. Бір апта өткен соң микробиота талдауы айтарлықтай өзгерістерді көрсетті.
Метагеномика және метапротеомика әдістерін қолдана отырып, зерттеушілер әртүрлі ақуыз көздерінің ішек микробтарының белсенділігі мен метаболикалық функцияларына әртүрлі әсер ететінін анықтады.
Постдокторант Альфредо Блейкли-Руистің айтуынша:
"Әрбір ақуыз көзін ауыстырған сайын микробиомада айтарлықтай өзгерістер байқалды. Әсіресе қоңыр күріш, ашытқы және жұмыртқа ағысының әсері өте күшті болды".
Зерттеу барысында кейбір диеталар тағам арқылы түскен аминқышқылдарын ыдырататын микробтардың белсенділігін арттыратыны байқалды. Ғалымдардың түсіндіруінше, аминқышқылдардың ыдырау өнімдері жалпы денсаулыққа және ішек пен ми арасындағы байланысқа әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, күрделі көмірсулар – гликандардың ақуыздарға қосылып, микробтардың фермент өндіруіне ықпал ететіні анықталды. Әсіресе, жұмыртқа ағысы диетасында белсенді болған бактериялардың бірі ішектің қорғаныш қабатын түзетін муцинді ыдырататын ферменттер шығаруға бейімделгені байқалды.
Бұл зерттеу нәтижелері кейбір ақуыздық диеталардың ас қорыту жүйесіне зиян тигізуі мүмкін екенін көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар





