"Жүріп үйреніп жатырмын": Тамара Асардың жағдайы елді толқытты

17.04.2026 15:09 Мөлдір Талғат
304
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде денсаулығына қатысты маңызды жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатты. Өнер иесі қазіргі таңда қайтадан жүруді үйреніп жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әншінің сөзінше, бұл кезең оның өміріндегі ең күрделі сынақтардың бірі болып отыр. Қазір ол шетелде ем қабылдап жүр.

«Шетелдемін. Алла сәтін салса, үш күннен бері қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жатырмын…», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Тамара Асар әрбір қарапайым қимылдың өзі үлкен жетістікке айналғанын ерекше әсермен жеткізді.

«Отырған орныңнан көтеріліп, мұп-мұздай болған аяққа дұрыс міну – жетістік. Бір жаққа қарай ауып кетпей, тепе-теңдікпен бойыңды тік ұстау – жеңіс. Ауырсынуға қарамай алға қадам жасау – ерлік. Бір қадамды мың рет қайталау – еңбек. Ал әрбір нық басқан қадам – жеміс. Тәнің мен жаныңды Аллаға тапсырып, бағыну арқылы бағындыру — рахат», – деді әнші.

Өнер иесі бұл сынақты өмірмен және спортпен салыстырып, қиындықтың артында үлкен күш пен сабыр жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Тамара Асар жол апатынан кейін ауыр жарақат алып, аяғынан айырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий