"Жүрістеріне дейін бірдей": Қожаның рөлін сомдаған екі актердің ұқсастығы елді таңғалдырды 

27.12.2024 14:14
0
51
Instagram/zhuldyzdy_news

"Менің атым Қожа" фильмі арқылы көпшілікке танылған актер Нұрлан Сегізбаев аңыз киноның жаңа нұсқасында Қожаның рөлін сомдаған Айқын Елубаймен кездесті. Қалың көпшілік қос актердің өзара ұқсастығына қатты таңғалған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Екі Қожаның кездескен сәтінің видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Бейнежазбада Нұрлан Сегізбаев пен Айқын Елубайдың серуендеп келе жатқанын көруге болады. 

Желі қолданушылары аталмыш видеоны бірден қызу талқылап, екі Қожаның бір-бірінен айнымайтынын жарыса жазды. 

"Адамдар осыншалықты бір-біріне ұқсауы мүмкін екен ғой", "Жүрістеріне дейін бірдей", "Қалай бір-бірінен айнымайды", "Түрлері де , жүрістері де ұқсайды", "Нұрлан ағаның бала кезі ғой тура", "Тарихи сәт, екі Қожа кездесті", "Қалай бір-біріне қатты ұқсайды", - деп жазуда оқырмандар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или