Жұрт Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялады
Қазақстанның танымал әзілкеші Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырды. Жеке өміріне қатысты жарияланған ақпараттан кейін жұртшылық оның алдағы концертін өткізбеуді және билет сататын компанияларға бойкот жариялауды талап етуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Threads желісінде қолданушылар #отменаҚабатов және #бойкот хэштегтері арқылы өз наразылығын білдіріп, концерт афишаларын алып тастау мен билеттерді сатуды тоқтатуға шақыруда.
"Афишаны алып тастамайынша, бір билет те алмаймыз", – деп жазды бір қолданушы, Ticketon.kz қызметін атап өтіп.
Дегенмен кейбір пікір иелері мұндай талаппен келіспейді. Олардың пікірінше, өнер адамдарының жеке өмірі олардың шығармашылығына әсер етпеуі тиіс.
"Бүкіл жағдайды білмей жатып, кінә тағуға болмайды", "Ол талантты адам, өз өмірін өзі шешеді".
Ал кейбір қолданушылар бойкотты қолдап, бұл жағдайды өзге даулармен салыстырды.
"Akmal-дың концертін тоқтатса, Тұрсынбекті неге тоқтатпасқа? Ол халық алдында жүрген адам, жауапкершілікті сезінуі керек".
Бұл оқиға интернет қолданушыларын екіге бөлді: бір бөлігі Тұрсынбекті және екінші әйелді сынап жатса, енді бірі жеке өмірді талқылаудың орынсыз екенін айтып, сабыр шақыруда. Тұрсынбек Қабатов концертке қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Концерт ұйымдастырушылары да жоспарланған іс-шараларды тоқтату туралы шешім қабылдамаған.
Соңғы жаңалықтар