Жыл басынан бері 14 мыңға жуық ресейлік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған
2026 жылдың алғашқы үш айында 14 мыңға жуық Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мұндай деректі ішкі істер министрлігі келтірді.
Министрліктің ұсынған ақпаратына назар аударсақ, 2022 жылдан бері Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған ресейліктер саны едәуір азайған.
- 2022 жылы – 138 259 адам;
- 2023 жылы – 112 685;
- 2024 жылы – 77 542;
- 2025 жылы – 69 894;
- 2026 жылдың үш айында 13 989 ресейлікке елімізде уақытша тұруға рұқсат берілген.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, елімізде шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат қағазы бір жылға дейін мерзімге беріледі.
Одан ұзақ уақыт тұрғысы келетіндер ықтиярхат алуы керек.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
14:26
Алматыдағы элиталық «Esentai City» кешенінде жа...
22.10.2026
14:18
Дариға Бадықова күйеуімен бірге Катардағы бал а...
22.10.2026
13:54
Тоқаев Назарбаев енгізген шенеуніктерді бағалау...
22.10.2026
13:15
Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тергеу...
22.10.2026
13:09
Ақтауда танымал блогер қамауға алынды (ВИДЕО)
22.10.2026
12:40
«Үй алатындарға шұғыл жаңалық»:«Отбасы банк» ип...