Жыл соңына дейін 5 шекара бекеті жаңарып, іске қосылады

09.12.2025 15:40 Арман Ермеков
Жыл соңына дейін 5 шекара бекеті жаңарып, іске қосылады
0
39
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының жүктеген міндеттемелері аясында шекарадағы инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары мәресіне жеткелі тұр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов желтоқсан айында бірқатар өткізу бекеттерінің құрылысы толық аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрлер кабинетінің отырысында сөз алған Премьер-министр бұл жұмыстың стратегиялық маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиын қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» компаниясының басшылығына арқаны кеңге салмай, жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды. Нысандар белгіленген мерзімде – осы айдың соңына дейін тапсырылуы тиіс. Аталған мәселе Премьер-министрдің қатаң бақылауында болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий