«Жылап жүрген сәттеріне куә болдым»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Мөлдірді қорғады

08.12.2025 09:01 Айсұлу Мұрат
«Жылап жүрген сәттеріне куә болдым»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Мөлдірді қорғады
0
49
Коллаж: sn.kz. Суретте: Қымбат Әбілдина, Мөлдір Мұқанова

Қарақат Әбілдинаның әпкесі Қымбат Әбілдина журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Мөлдір Мұқановаға қатысты айтылған пікірлерге тоқталып, оның сөздерінде ешқандай жалғандық жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Қымбат Әбілдинаның айтуынша, «Айгөлек» журналының авторы Мөлдір Мұқанова өміріндегі ауыр кезеңдерді бүкпесіз, сол қалпында жеткізген.

«Мөлдірімнің жылап, жан дүниесімен арпалысып жүрген сәттеріне өзім куә болдым. Оның 13 жасында анасынан айырылғанын жақсы білемін. Мөлдір ешқашан күйеуімен тартысып, “мен де сахнаға шығамын” деп талап қойған емес. Ол — туа біткен таланты бар, ерекше қабілетті жан. Қазақта “ерін сыйлаған әйел етекте отырмайды” деген сөз бар ғой, сол ұстаныммен бар күш-жігерін Тұрсынбекке арнады, оның жолын ашуға тырысты», — деді ол.

Сондай-ақ Қымбат Әбілдина Мөлдірдің бойындағы адамгершілік пен шынайылықты ерекше атап өтті.

«Ол әдейі біреудің назарына ілігейін, өзін алға шығарғын адам емес. Жүрегі таза, ақкөңіл қыз. “Тұрсынбекке қоқыс та тасытып көрмеп едім” деген сөзі де — таза шындық. Осындай адал жанның қиналып жүргенін сырттан бақылау оңай емес екен», — деп бөлісті ол.

Қымбат Әбілдина қоғамды Мөлдір Мұқановаға түсіністікпен қарауға шақырып, оның айтқандары шынайы өмірден алынған, жүректен шыққан сөздер екенін баса айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий