"Жын кірген": Tik Tok желісінде көп отыратын 7 жасар қыз ақыл-есін жоғалтып алған

Журналист Гүлмира Әбіқайға оқырманы 7 жасар қыздың TikTok желісінде көрген қорқынышты видеолардың әсерінен психологиялық күйзеліске ұшырағанын айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Оқырманның айтуынша, бүлдіршін бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып, ата-анасын танымай жатыр.
"Сәлеметсіз бе! Көмегіңіз қажет! Шұғыл! Інімнің 7 жастағы қызы TikTok-тан қорқынышты видео көріп, бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып алды. Әке-шешесін танымайды, көзі адамға түспейді. Молдаға апарып дем салдырдық, бірақ үрей қатты кіріп кеткен дейді. Түні бойы шошып оянып, шырылдап жылайды. Агрессиясы бар. Соңғы екі күнде мүлде сөйлемей қойды", – деп жазған хат иесі.
Сап-сау бала болған. Бұған дейін асыр салып ойнап, сөйлеп жүрген.
Енді міне, біртүрлі күйге түсті. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Көмектесер адам бар ма? Кімді білесіз? Алланың разылығы үшін көмек қажет!" – деп жанайқайын жеткізді хат иесі.
Гүлмира Әбіқай бұл мәселеге қатысты алаңдаушылығын білдіріп, TikTok-қа тәуелді болып, ақыл-есінен айырылып жатқан жандардың саны күрт көбейгенін атап өтті.
"Достар, күндіз-түні TikTok көріп, соның кесірінен жынданып, қазір ем қонбай жатқан тағы бір қыз бар. Оның жасы 20-да. Соңғы кездері мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұл не індет?" – деп жазды журналист.
Соңғы жаңалықтар





