Астана саммитінен бастап ШЫҰ толыққанды «Шанхай ондығы» форматында жұмыс істейді
307
Бұл туралы Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сұхбат берген Мемлекет басшысы айтты,-деп хабарлайды politico.kz
«Өз басым Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ерекше қарым-қатынаста болғанымнан бастайын. 1996 жылы оның құрылуына, келіссөздерге және құжаттарды дайындауға қатысуға мүмкіндігім болды. Осы жылдың 3 шілдесінде, ширек ғасырдан сәл астам уақыттан кейін Шанхай жиынының Қазақстанға оралуы өте символикалық мәнге ие. Осы жылдар ішінде «Шанхай бестігінің» құрамы екі есеге ұлғайып, Астанадағы саммиттен бастап Ұйым толыққанды «Шанхай ондығы» форматында жұмыс істей бастайды», - деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға төрағалық аса маңызды әрі жауапты миссия екенін атап өтті.
«Біздің күш-жігеріміз қауіпсіздік мәселелерін шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, экологияны қорғауға жәрдемдесуге және халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталатын болады», - деді Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
20:16
Атырау тұрғындары тағы да «тұншығып» жатыр: Эко...
16.09.2026
19:27
Жомарт Ертаев бостандыққа шықты: ҚАЖ комитеті т...
16.09.2026
19:22
Тарихшы: Ет асу — тек қазақтың ұлттық тағамы емес
16.09.2026
18:59
Адамбай: Америкада полицей көргенде қорықпайсың...
16.09.2026
18:51
“Адам өлтірген жоқ”: Қайрат Нұртастың анасы Нұр...
16.09.2026
18:11
Ақтөбеде ер адам жол-көлік оқиғасынан зардап ше...