“Адам өлтірген жоқ”: Қайрат Нұртастың анасы Нұрсұлтан Жақсыгеннің үкіміне қатысты пікір айтты

16.09.2026 18:51 Қарақат АСЫЛОВА
“Адам өлтірген жоқ”: Қайрат Нұртастың анасы Нұрсұлтан Жақсыгеннің үкіміне қатысты пікір айтты
138

Қайрат Нұртасовтың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкіміне пікір білдіріп, оның жазасын жеңілдетуге шақырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Айдарбекованың айтуынша, актерге тағайындалған жаза тым қатаң болуы мүмкін. Ол Жақсыгеннің отбасында балалары бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айыру мерзімін қысқарту қажет деп санайды.

«Ол ешкімді өлтірген, зорлаған немесе ұрлық жасаған жоқ. Меніңше, жазаны жеңілдетуге болатын еді. Оның ата-анасы мен балалары үшін алаңдаймын», – деді продюсер.

Сонымен қатар Айдарбекова актердің жасаған әрекеті үшін жауап беруі керек екенін жоққа шығармайтынын атап өтті. Алайда оның пікірінше, екі жарым жылға жуық мерзімнің орнына бір жыл жеткілікті болар еді.

«Мен ол жазасыз қалуы керек деп отырған жоқпын. Бірақ екі жарым жылдың орнына бір жыл жеткілікті шығар. Ол жазасын өтеп шыққаннан кейін түзелмей, керісінше ашулы болып оралуы мүмкін», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, Алматы облысының Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар оған бес жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынды.

Сот шешімімен Фариза Сабырәлиеваның пайдасына 5 миллион теңге өндіру туралы да шешім қабылданған.

Войдите, чтобы оставить комментарий