Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне көңіл айтты
610
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шымкент–Самара» тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.
Айта кетейік, кеше Самара-Шымкент тасжолында, Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard көлігі соқтығысты. Апат салдарынан минивеннің жүргізушісі мен 7 жолаушысы қаза тапты. Барлығы да Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Болжам бойынша қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған, салдарынан жүргізуші көліктің бағытын бақылай алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
23:14
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен...
23.09.2026
22:11
Ақтөбедегі балалар үйінде жанжал шықты: Белсенд...
23.09.2026
21:09
БҰҰ-дағы күтпеген мәлімдеме: 50 ел Ресейге соғы...
23.09.2026
20:14
«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас ж...
23.09.2026
19:40
Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағда...
23.09.2026
19:05
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары...