Атырау облысында сарбаз әскерден қашып кетті
1098
Атырау облысында шекарашы әскери қызметін өтеуге келген сарбаз бөлімшеден қашып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Orda.kz жазды.
Сарбаздың қай күні қашып кеткені туралы дерек жарияланбаған. Алайда ол Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімшесінен қашқан.
Бөлімшедегілер әскерге шақырылушы азаматтың жоқ екенін бірден байқап, іздеуге кіріседі. Сарбазды Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті шекара қызметінің қызметкерлері ұстаған.
Ол ұсталды. Қашу себебі анықталып жатыр. Бірақ оның әскердегі әлімжеттіке қатысы жоқ, - делінген Орданың дерегінде.Сарбаз қашып кеткен шекара бөлімшесі 2018 жылдың желтоқсан айында ашылған. Бұл өңірдегі алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де мамырда Атырау гарнизонында әскерге шақырылған азамат қару алып қашып кеткен болатын. Ол өзін ұстағысы келгендерге оқ жаудыра бастаған. Кейіннен әскериді «Арлан» арнайы жасағы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін ұстамақ болған. Фото: ainews.kz
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
09:23
Трамп Қазақстанға келе ме – АҚШ консулы жауап б...
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...