Қазақстанға Тәжікстаннан 3500 тонна гуманитарлық көмек жетті
515
Гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, милиция генерал - полковнигі Рустам Назарзода бастап келді. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық ресурстар агенттігі директорының орынбасары Сохиб Зиёдуллоев гуманитарлық көмек туралы құжатты салтанатты түрде тапсырды.
Делегацияны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған облыс тұрғындары күтіп алды. Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» теміржол станциясында іс-шара өткізілді.– Қазақстандағы қиын жағдай біздің де жанымызға батты. Бейжай қарап отыра алмадық. Біздің елімізде күрделі мәселе туындаса, ең көп көмек жолдайтын ел – Қазақстан. Сондықтан Тәжікстан Республикасының Президентінің шешімімен осы гуманитарлық керуенді жеткізіп отырмыз. Біз стратегиялық серіктес елдер ретінде бір-бірімізді қолдап тұруымыз керек, – деді Рустам Назарзода.
Соңғы жаңалықтар
27.06.2026
17:12
Елордада жолаушылар мінген автобус өртеніп кетт...
27.06.2026
16:28
«Маған ақшасы емес, әкем керек болды»: Тұрсын А...
27.06.2026
15:19
Дариға Назарбаеваның 10,5 млн долларлық зәулім ...
27.06.2026
14:16
Қазақстан Халық партиясын енді Нұрсұлтан Шоқано...
27.06.2026
13:17
«Бәрі рұқсат»: Нұрлан имамның пластикалық ота т...
27.06.2026
12:16
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты: Бес ...