Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірге дамытады

0
38

Келісімге 2023 жылғы 17 қазанда Бейжің қаласында қол қойылған.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялады

«Келісім автомобиль, теміржол және теңіз көлік түрлерін тиімді пайдалануды, жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды, сондай-ақ Дәлізге транзиттік қосымша көлем тарту үшін екі елде логистикалық орталықтарды дамытуды көздейді. 2023 жылдың соңында, Дәлізде жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 65%-ға өсті және 2,7 млн тоннаны құрады. Қазір Еуропадан Қытайға жүктерді осы дәліз арқылы жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Азиядан Еуропаға транзитпен жүктерді мерзімі 18 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 6 күнді құрайды», – деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам.

Құжат Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі ұлғаяды деп күтіліп отыр.


ПІКІР ЖАЗУ