Бас айналдырар мансап: Қандай кәсіби қабілет жоғары бағаланады?
Әр салада жұмыс беруші әртүрлі кәсіби қабілетке басымдық береді, бұл саланың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, интеллект арқылы жұмыс істейтін IT және қызмет көрсету салаларының арасында айырмашылық бар. Екіншісінде адамдарға жылы қарым-қатынас маңызды болса, біріншісінде креативті және критикалық ойлауға мән береді. Десек те қызметкерлерді басқару саласының өзіндік сұраныстары мен талаптары да жоқ емес. Ендеше жұмыс берушіні не қызықтырады және барлық үміткерлердің ішінен сізді таңдауы үшін не істеуіңіз керек?
Өз тәжірибеңіз туралы көбірек айтыңыз
Жұмыс берушімен диалог кезінде, HR маманымен телефон арқылы сөйлескенде немесе хабарлама жазысқанда, не істей алатыныңызды мүмкіндігінше егжей-тегжейлі айтуға тырысыңыз. Бұл ақпаратты кейінірек кеңінен талқылаймыз деп, қателік жасамаңыз, өйткені оған мүмкіндік болмауы мүмкін. Өзіңізге берілген минуттарды барынша тиімді пайдаланыңыз, ең бастысы — кәсіби қабілеттеріңіз туралы бірден айту маңызды.
HR маманымен ватсап немесе басқа да әлеуметтік желіде хат алмасып отырған болсаңыз, сұрақтарға мүмкіндігінше толық және мазмұнды жауап беруге тырысыңыз. Өз дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді ашып айтудан тартынбаңыз.
Дәл осындай кеңесті түйіндеме жасау кезінде де қолдануға болады. Түйіндеміңізді оқыған кезде сіз туралы ой қалыптасатындай болуы керек. Сондай-ақ жұмыс берушілер бұрын қандай жұмыс жасағаныңыз және қолыңыздан не келетіні туралы көбірек білгісі келеді. Бұл жағдайда тәжірибе білім туралы дипломға қарағанда әлдеқайда маңызды. Сондықтан тәжірбиеңіз туралы неғұрлым егжей-тегжейлі айтсаңыз, соғұрлым жақсы.
«Жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін орындаймын» немесе «кез-келген маникюр түрін жасай аламын» деген сөздермен шектеліп қалмаңыз, түйіндемеде нақтылық болуы керек. Сылауды, бояуды, жөндеуді, жиһаз жасауды және сантехниканы жөндеуді білсеңіз, бәрін ұсақ-түйекке дейін тәптіштеп жазыңыз. Маникюрді аппаратпен және қолмен жасай алсаңыз, оны шеберлік сипаттамасында көрсетуді ұмытпаңыз. Бұрынғы жұмыс орнындағы міндеттеріңіз туралы мәліметтерді қай жерге жұмыс істеуге барсаңыз да көрсету қажет. Бұл басшыға сізге не тапсыруға болатынын және сіз нақты не істей алатыныңызды түсінуге көмектеседі.
Есіңізде болсын, жұмыс берушілер түйіндеменің мазмұнын ғана емес, ондағы ақпараттың өзін де бағалайды.
Түйіндеменің тартымды әрі жақсы әсер қалдыратындай болуы да жұмыс беруші үшін маңызды фактор. Шаш стилистерінің түйіндемесінен гөрі іс жүзіндегі қабілеті бағалануы мүмкін. Бірақ әкімші немесе кеңсе қызметкерін іздеген кезде түйіндеменің дұрыс рәсімделуі оны таңдауға салмақты себеп бола алады. Үміткер түйіндемесін керемет деп бағалайтындай рәсімдей алса, бұрын атқарған міндеттерін егжей-тегжейлі жазса, оны басшы өз командасында көргісі келетіндей әсер қалдыра алса, бұл оның маркетинг, иммидж, менеджмент сияқты іскерлік әлемінде жоғары бағаланатын дағдыны меңгергенін көрсетеді. Ал ілеспе хат қоса берілген болса, жұмыс берушілер мұндай үміткерді жоғары бағалайды. Сондай-ақ қызметкердің осы жұмысқа қатысты қызығушылығы, алдын-ала компания туралы ақпарат іздеуі, әлеуметтік желілерді қарауы, оның ұмтылысы да маңызды.
Істе өзіңізді көрсетуге дайын болыңыз
Әрине, баристадан кофе жасауды сұрайды, ал стилист-шаштараздан модельді сәндеуді немесе шаш қиюды сұрайды. Жұмыс беруші сізді жұмысқа алмас бұрын сіздің қабілетіңізді нақты уақыт режимінде сынап көреді. Бұл сіздің дағдыларыңызды дәлелдеу арқылы объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Кейбір жұмыс берушілер үшін жұмысты орындау мен оның сапасы ғана маңызды емес, мысалы, егер құрылыс немесе сантехникалық жұмыс болса, жасаған жұмыстың сапасымен қатар жауапкершлікпен қарап, уәде етілген уақытта тапсыруын да тексереді.
Ал сұлулық индустриясында теориялық білім практикалық дағды сияқты маңызды емес. Сондай-ақ қызметкердің кәсіби қабілеттерінен басқа командаға, атмосфераға және құндылықтарға сәйкес келетін жақсы адами қасиеттері болуы маңызды. Өтініш берушінің мінезі – ерекше назар аударатын құндылық.
Қызмет көрсету саласында қызметкердің клиенттермен қалай қарым-қатынас жасайтыны, күтпеген немесе сыни сәттерде өзін жақсы жағынан көрсете алатыны оның кадр ретінде құнын арттырады.
Жұмыс берушімен шынайы, ал өзіңізге объективті болыңыз
Жұмыста шынымен не істегеніңіз және нені түсінгеніңіз туралы ғана сөйлесіңіз, өзіңізде жоқ қабілетті бар етіп көрсетуге тырыспаңыз және талантыңызды асырып айтпаңыз. Кәсіби қабілеттің деңгейін тексеру оңай. Кәсіпті жаңадан бастасаңыз, бұл туралы ашық айту қажет, сондай-ақ жаңа нәрселерді үйрену үшін осы жұмысты істегіңіз келетінін айту әлдеқайда жақсы.
Тек өзіңіз туралы мәлімдеген нәрсеге сәйкес болу маңызды, жалған ақпарат жарға жығады.
Қызмет көрсету саласында жақсы қызметкерді іздеуде әңгімелесу шешім қабылдау кезінде көп әсер етеді, сондықтан өзіңіз туралы бір нәрсені жасыру немесе үлкейтіп көрсету мағынасыз.
Кәсіптік оқуға қызығушылық танытыңыз
Жұмыс берушілер өз жұмысында іздену мен кәсіби қабілетін жетілдіруге қолайлы деген ниетпен жұмыс орнына келетін қызметкерлерді бағалайды. Өйткені шығармашылық қабілет, энтуизиазм – жұмыс сапасына әсер ететін фактор. Бұл кәсіби жолын жаңадан бастаушыларға ғана емес, тәжірбиелі ойыншыларға да қатысты. Көп басшылар үшін бұл өте маңызды, өйткені әр компанияның сапа стандарттары бар және жаңа қызметкер оларды тез игеруі керек.
Мұндай қабілет сізді жұмыс берушінің көз алдында тартымды етіп қана қоймайды, сонымен қатар нарықтағы маман ретінде сіздің құндылығыңызды арттырады.
Жұмыс берушілер әрқашан шеберлікті шыңдауға дайын тұлғаны таңдайды.
Сыртқы келбет және күлімсіреуді ұмытпаңыз
Таза, үтіктелген киім – кез келген іскерлік кездесудің міндетті шарты. Кездесудің алдында не кию керектігін ойламау үшін оны алдын-ала ойластырып, бір күн бұрын образды дайындау қажет. Бұл форма киіп істейтін жұмыс болса да алғашқы әсер жағымды болуы қажет.
Жеке қасиеттер іскерлік қасиеттерден кем емес бағаланатынын ұмытпаңыз
Жұмыс іздеушілердің тәжірибесі бойынша да, қызметкерлерді жалдайтындардың тәжірибесі бойынша да жұмысқа орналасу кезінде адамның қарапайым қасиеттері бірінші кезекте бағаланады деп айтуға болады. Сіздің біліктілігіңіз, тәжірибеңіз және оқуыңыз да маңызды. Бірақ алдымен жұмыс берушілер сіздің қандай адам екеніңізді, темпераментіңіздің қандай екенін, қарым-қатынаста қаншалықты жағымды екеніңізді және мәдениет пен коммуникацияңыздың жоғарылығына мән береді.