«Террористер басып алуы мүмкін»: ұшақ радардан жоғалып кетті
БАӘ-ден Израильге бағыт алған Flydubai рейсі ұшақты басып алу қаупі туралы сигнал беріп, кейін радардан жоғалып кеткен. Бұл туралы Израильдің мемлекеттік Kan теле-радиокомпаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ynet басылымының мәліметінше, ұшақ бортында 174 адам, оның ішінде 27 бала болған.
БАҚ Flightradar24 сервисінің деректеріне сілтеме жасап, ұшақ Сауд Арабиясы аумағының үстінде радардан жоғалғанын хабарлады.
Кейіннен ұшақты басып алу қаупі туралы сигнал берген Flydubai рейсі Сауд Арабиясына қонған.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осы оқиғаға байланысты қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізіп жатыр. Бұл туралы i24News телеарнасы хабарлады.
«Нетаньяху қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізіп жатыр», – делінген телеарнаның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...