Қарттар күніне орай кімдерге біржолғы ақшалай көмек беріледі?
Астана қаласы, Қарағанды және Түркістан облыстарында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай 150 мыңнан астам азаматқа біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Төлем мөлшері мен оны алушылар санаты аймақтар бойынша төмендегідей бөлінген:
- Астана қаласы: Жасына байланысты зейнетке шыққан барлық тұрғындарға 2,5 АЕК көлемінде, яғни 10 812 теңгеден беріледі. Бұл төлеммен елордада 110 мыңнан астам қария қамтылмақ.
- Қарағанды облысы: 75 жасқа толған және одан асқан 43 405 тұрғынға 21 625 теңгеден (5 АЕК) төленеді. Өңірлік бюджеттен бұл мақсатқа 938,6 миллион теңге бағытталған.
- Түркістан облысы: Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызілікті 1 253 қарияға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 625 теңгеден үлестіріледі.
Айта кетейік, биыл 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгені құрайды.
Ал Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында мерекеге орай жергілікті бюджеттен арнайы ақшалай төлем қарастырылмаған. Бұл туралы аталған өңірлердің әкімдіктері хабарлады.
1 қазан — Халықаралық қарттар күні ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан 1990 жылы бекітіліп, 1991 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып келеді. Басты мақсат — егде жастағы азаматтардың қоғамдағы орны мен олардың әлеуметтік қажеттіліктеріне назар аудару.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...