Бас мүфти Моңғолияның 75 имамына шапан мен сәлде сыйлады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей қаласында жергілікті имамдарға шапан мен сәлде сыйлады. Бұл туралы ҚМДБ-ның бапсасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Басқосуда бас мүфти шеттегі қандастарға, оның ішінде имамдарға барынша қолдау көрсетіп келе жатқанын айтып өтті. Айтуынша осыған дейін Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында Алтайдан, Баян-Өлгейден келген қазақ имамдар білім алып, діни саладағы тәжірибесін шыңдады, сол сияқты шеттегі қазақ имамдарының білім алуына барынша жағдай жасай береміз.
«Осындағы 75 имамға діни қызмет кезінде киіп жүретін арнайы шапан тіктіріп келдік. Сонымен қатар «Muftiyat» баспасынан шыққан бірнеше кітабымызды, жұмыс істеуге арналған компьютер мен техникалық құралдарды да қоса ала келдік. Алла Тағала баршамызға рухани бірлік, шеттегі қандастарымызға татулық пен береке нәсіп еткей. Алла Тағала жер бетіндегі барша қазаққа жар болғай. Әмин!» – деді Наурызбай қажы.