Бас прокуратура Шерзат Болаттың әкесіне қатысты мәлімдеме жасады
2178
Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болат қазасына қатысты қозғалған істі тергеу барысы жөнінде пікір білдірді.
Талғардағы адам өліміне қатысты тергеу барысы толықтай бақылауда. Өздеріңіз білетіндей, барлық тұлға ұсталды, бірқатар айып тағылды. 15 қазан күні ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен Алматы облыстық прокурорының қатысуымен брифинг өтті. Тергеу барысы толық баяндалды. Бір айтарым, қайтыс болған баланың әкесіне қатысты іс қозғалған жоқ. Өртке қатысты іс те тергеліп жатыр, сараптама тағайындалды, - деді бас прокурордың орынбасары.Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болат өліміне қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша тергеліп жатқаны мәлім болған еді.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
12:05
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Прокурор МИБ ...
24.09.2026
12:01
Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсізд...
24.09.2026
11:54
«Күйеуімнің назарын ғана емес, ақшасын да тарты...
24.09.2026
11:50
Жамбылдағы 4 адам қаза тапқан апат: Сая Әуелбек...
24.09.2026
11:15
Халық кеңесі мүшелеріне айлық төлене ме – Мұрат...
24.09.2026
11:13
Қамаудағы Ерғали Аманбаевтың депутаттық мәртебе...