"Бірнеше миллион теңге ақша бар деп үміттенген": Ақмола облысында сейфті көтеріп алып кеткендер ұсталды
0
205
Ақмола облысында полицейлер қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлаған күдіктілерді ұстады,-деп хабарлайды politico.kz
Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен. Олар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенген көрінеді. Алайда кәсіпкердің айтуынша, бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілген Сол себепті сейфте тек 500 мың теңгедей ақша жатқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Қазір олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ал компания басшысы күдіктілерді ұстағаны үшін полицейлерге алғыс білдірді.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
14.01.2026
20:48
Әнші Әли Оқапов отбасына қатысты ерекше видео к...
14.01.2026
20:16
Жолдағы қақтығыс атыспен аяқталды: Астанада пол...
14.01.2026
18:46
Омар Жәлелдің 4 әйелден 30-дан астам баласы бар...
14.01.2026
17:40
Мұрат Әбенов жаңа қызметке кірісті
14.01.2026
17:06
Қазақстан қарулы қақтығыс қатысушыcы емес: СІМ ...
14.01.2026
16:30
«Арманға бастар жол»: Ерке Есмахан ұлының үлкен...