Елде сот-медициналық сарапшысы мамандары тапшы

0
74

Елімізде 140-тан астам сот-медициналық сарапшысы жетіспейді. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында мәлімдеді,-деп хабарлайды politico.kz

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда сот сарапшысының мәртебесін көтеру мәселесі өзекті болып тұр.

Құқық қорғау органдары тарапынан сот сараптамасы қызметіне сұраныстың жоғары болуына қарамастан кадр тапшылығы анық байқалады. Оған еңбек ақының төмендігі, жоғаржы жүктемелі жұмыс кестесі және әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы себеп, – деді министр.

Әділет министрлігінің дерегінше Сот сараптама орталығында 1076 сарапшы жұмыс істейді. Алайда сараптама көлемы жыл сайын артуда. Мәселен 2023 жылы сот-сараптама мамандықтарының 57 түрі бойынша 408 924 сараптама жасалған. Бұл орташа есеппен айына бір сарапшыға 34 сараптама қорытындысын жасауға тура келеді дегенді білдіреді. Айта кетейік, сот-сарапшылары мен сот медициналық сарапшыларының жалақысын көтеру үшін жыл сайын 1,158 млрд. теңге қаражат қажет.

Сонымен қатар депутаттарға еліміздері мәйітхана ғимараттарының тозғандығы туралы баяндалды. Институттардың ғимараттары (Сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығын қоспағанда) техникалық тұрғыдан жарамсыз, моральдық тұрғыдан ескірген және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу үшін арнайы жарақтандырылған ғимараттарға қойылатын стандарттар мен талаптарға (аудан нормасы, инсоляция, дыбыс оқшаулау, желдету деңгейі) сәйкес келмейді.

Аумақтық бөлімшелердің барлық ғимараттарында атыс және газ қаруларына, жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарға, өнеркәсіптік жабдықтар мен көлік құралдарының бөлшектеріне, өрттер мен жарылыстардан қалған қалдықтарға эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар жоқ, – деді Сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Руслан Сатывалдеев.

Өз кезегінде сенаторлар бұл мәселені назарларына алып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, қажет болса заңнамаға өзгерістер енгізуге әзір екендіктерін айтты. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының ғимаратын аралап, жұмысымен танысты.


ПІКІР ЖАЗУ