Елімізде оқушылар өздерін суицидке итермелейтін ойын ойнап жүр
701
Жаңа оқу жылы басталғалы еліміздегі мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау фактісі көбейген. Оған оқушыларды суицидке итермелейтін ойын түрі – басты себеп.
Бұл туралы журналист Нәзия Жоямергенқызы Facebook-тегі парақшасына жазды.
Ата-аналар, мына Schoolboy Runaway ойыны қауіпті деп жатыр. Балаларыңыздың телефонын тексеріп көріңіздер. Абай болыңыздар! Мен әдейі кіргем. «Үйдегі заттарды ұрла да, терезеден байқатпай шығып кет» деді бір еркек дауыс. Ересектерге ғой, әсер ете алмайды. Ал балаларға психологиялық ықпалы күшті екені анық. Соңғы жылдары балаларды машинаның астына түсуге, көпқабатты үйлерден секіруге мәжбүрлеп жатқан да осы ойын дейді. Алла Тағала балаларымызбен сынамасын! - дейді әріптесіміз.Балалар санасына сол ойынның әсер-ықпалы бар екенін өзге де желі қолданушылары растады.
Сізден оқи сала, 5 сынып оқитын баламнан сұрасам, масқара, ойынның кейіпкерлерін түгел біледі, «тапсырма береді, жақында Алматыда екі қыз қайтыс болды» деп тақылдап айтып отыр. Абайламасақ қиын екен, бәрінен хабары бар бұлардың, - дейді Несібелі Иманқұлова.Сондай-ақ желі белсендісі Нұрлан Досмағұл да баласының телефонында сол ойынның болғанын, ата-ананың бақылауы арқылы бұғаттап тастағанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
29.03.2026
13:35
«Ешкіммен дауласқым келмейді»: Жанар Байсеміз д...
29.03.2026
12:28
Алматы тауларында жоғалған 5 оқушы табылды
29.03.2026
11:23
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемалиев өмі...
29.03.2026
10:24
«Екінші әйелімді шәкіртіме сыйладым»: Даулы мәл...
29.03.2026
09:32
Қарағанды облысындағы сұмдық қылмыс: Анасы мен ...
28.03.2026
17:39
Досаев пен Сағынтаевтың тұсында Алматыдағы құры...