Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін
380
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін, нақты айтқанда бір сағатқа ерте басталмақ,-деп хабарлайды politico.kz
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға келесі сұрақты қойды: «Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты әлеуметтік желіде жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз, Еңбек министрлігінің жоспары қандай?».
Сондай-ақ, министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.«Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», - деді деп жауап берді Светлана Жақыпова.
«Ұсыныс бердік, яғни жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес», - деп толықтырды ведомство басшысы.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
17:24
Әсел Қаппароваға айыппұл салынды
23.09.2026
17:11
Тоқаев Сауд Арабия королін құттықтады
23.09.2026
17:07
Баян Алагөзова: Қызым ағылшын тілін білмейтін ж...
23.09.2026
16:59
«Мәйітін де көрсетпеген»: Ақтауда 30 жыл бұрын ...
23.09.2026
16:54
Баян Алагөзова: Қызым менен сепарациялануы үшін...
23.09.2026
16:48
«Осылай болып қалды»: Ақтауда Назарбаев мектебі...