"Ешкімді алдаған жоқпын": Дана Есеева балаларына әкесі сотталғанын қалай хабарлады
679
Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін істі болған Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, перзенттеріне әкесінің сотталып кеткенін қалай хабарлағанын айтты.
Дана Есеева бүгінде бес баласын жалғыз өзі қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. Желі жұлдызы соңғы жағдайлардан кейін перзенттерімен ашық сөйлесетін болғанын алға тартты. Ол тіпті жолдасының сотталып кеткенін жасырмай, еш бүкпесіз айтып берген.
"Жағдай қалай болды, бүкпесіз бәрін айтып бердім. Балаларымның жасы қазір 4-14 аралығында. Мен оларға ашық түсіндірдім. Сол үшін де анамын. Дәл қазірге кезеңде олармен көбірек әңгімелесуім керек. Ешкімді алдаған жоқпыз. Қандай да бір іссапарға кетті деп өтірік айтпадық. Біріншіден, оның сотталғаны туралы бүкіл жерде айтылды ғой. Балалар да TikTok-та отырады. TikTok-та әдейі сол бағытта науқан жүріп жатқан. Хейт көп болды, видеолар көп салынды. Сол себепті балалар бәрібір сол видеоларды көретін еді", - деді Есеева Виктория Новичковаға берген сұқбатында.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
16:00
«Үйінен қашып кеттім»: Абай Бегейдің қызы қалай...
05.10.2026
15:56
Қылмыс кеміген, қайтқан қаржы көбейген: Сәденов...
05.10.2026
15:24
Президент қолынан марапат алған педагогтардың т...
05.10.2026
15:12
Президент: Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік...
05.10.2026
15:00
Тоқаев жастарды ақпарат тасқынынан қорғайтын жа...
05.10.2026
14:51
Тоқаев мұғалімдікке бет бұрған жастардың көбейг...