Президент қолынан марапат алған педагогтардың тізімі шықты

05.10.2026 • 15:24 Қанат АЙБАР
Президент қолынан марапат алған педагогтардың тізімі шықты
401
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі үздік жетістіктері мен Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін ұстаздар мен білім саласының қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Politico.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін, 5 қазанда Ақордада Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Марапатталғандар қатарында мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, балабақша қызметкерлері және білім саласының ардагерлері бар.

«Құрмет» орденімен:

  • Арынова Дәмеш Арынқызы – «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысы;
  • Зәйкенова Руда Зәйкенқызы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;
  • Қайсаева Гүлбану Зәкәрияқызы – білім беру саласының ардагері, Астана қаласы;
  • Малайдар Марта Есіркепқызы – білім беру саласының ардагері, Ақтөбе облысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

  • Аханов Дәулетназар Дәулетбайұлы – «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Түркістан облысы;
  • Әлиев Мұрат Қапбарұлы – «Esil University» мекемесінің профессоры, Астана қаласы;
  • Бабаева Жібек Шамғалиқызы – «Жалпы білім беретін мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Маңғыстау облысы;
  • Егізбаев Нұржан Хамытбекұлы – «№ 7 орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысы;
  • Жұмағалиева Алмажан Жасұланқызы – «Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы;
  • Қожахметова Алма Шәймерденқызы – «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің доценті, Түркістан облысы;
  • Нұрмахатов Ғалымжан Амангелдіұлы – «Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицей» КММ мұғалімі,Қызылорда облысы;
  • Садықов Ахметжан Бисенғалиұлы – «Томарлы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Павлодар облысы;
  • Сыдықбекова Бәтима Жақсылыққызы – «№ 173 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
  • Шилов Игорь Алексеевич – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ аға оқытушысы.

«Шапағат» медалімен:

  • Қадырова Жібек Шәкенқызы – «Кеген ауылының № 7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ басшысы, Алматы облысы;
  • Лысенко Александр Георгиевич – «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы» КММ педагогі;
  • Тайтелиева Жұмакүл Шегебайқызы – «№ 122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі, Шымкент қалас;
  • Тарасова Елена Михайловна – «№ 3 арнаулы мектеп-интернат» КММ педагогі, Қарағанды облысы;
  • Тлеулина Галия Жамалетдиновна – «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК музыка жетекшісі, Ақмола облысы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы:

  • Айшуақова Күләш Мырзабайқызы – «Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Атырау облысы;
  • Байтасова Ботагөз Шаяхметқызы – «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Қостанай облысы;
  • Жантілеуова Айман Жантілеуқызы – «Талдықорған қаласы Мұхтар Арын атындағы № 24 мамандандырылған лицейі» КММ мұғалімі;
  • Лахтин Михаил Васильевич – «№ 8 эстетикалық тәрбие беретін жалпы орта білім беру мектеп-кешені» КММ педагог-хореографы, Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Мұқашева Меруерт Қозықанқызы – «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы;
  • Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласы Нұра ауданының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімі;
  • Оспанова Айгүл Төлегенқызы – «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Абай облысы;
  • Рахмедьянова Ұлжан Әшімқызы – «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ директорының орынбасары, Астана қаласы;
  • Тағаева Гүлмира Тұрдыбекқызы – «Бірінші мамыр» жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Түркістан облысы;
  • Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы – білім беру саласының ардагері, Маңғыстау облысы;
  • Шотанова Эльмира Манарбекқызы – «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Алматы қаласы.

аталған азаматтарға берілді.

Войдите, чтобы оставить комментарий