Гүлзира Айдарбекова ұлын «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді

0
1176

Еліміздегі танымал әнші Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова ұлын «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды politico.kz.

Гүлзира Айдарбекова қоғамда шу болған тақырыпқа пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қайраттың ата-анасына, яғни бізге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80 пайыз болса, 20 пайызы азғырумен отырады. «Ой, мамасының баласы» дегеннен бастап мұқатады. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көзі жетер емес. Алланың берген бағымен таласқанынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар немесе қысқа ойлайды, санасы жетпейді, – деп жазды ол.

Продюсер ата-анаға деген ізгілікті түсіндіретін мақал-мәтелдердің бірнеше мысалын ұсынды.

«Мынадай мәтелдер жайдан-жай емес. «Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды!», «Ата-ананың ақ батасы сені үлкен жетістіктерге жеткізеді», «Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі!», «Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!», – деп жазды Айдарбекова.

Осылайша Қайрат Нұртастың анасы оқырманды жақсылық жасауға шақырды.

О, адамдар, жақсы сөйлейікші. Бір-бірімізге жақсылық жасайықшы. Сол кезде Алла елімізге де, әр отбасына да жақсылықтың нұрын төгеді. Мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда!, – деп қорытындылады продюсер.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova


ПІКІР ЖАЗУ