Алматыда ШҚАЖ бойында « Mercedes» жүргізушісі ірі жол апатын ұйымдастырды

21.09.2026 18:47 Қанат АЙБАР
Алматыда ШҚАЖ бойында « Mercedes» жүргізушісі ірі жол апатын ұйымдастырды
278

Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында (ШҚАЖ) үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан «Mercedes» аударылып, арыққа түсіп кетсе, қалған екі көлік жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Mercedes E-Class», «Toyota Highlander» және «Nissan Pathfinder» автокөліктері солтүстік бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, «Mercedes» тізгініндегі 24 жастағы жүргізуші көлікті агрессивті түрде айдап, қатардан қатарға жиі әрі кілт ауысып отырған.

Қозғалыс барысында «Mercedes» «Toyota» көлігімен соғысқан. Соққыдан соң жүргізушілер көлікке ие бола алмай, «Toyota» өз кезегінде «Nissan»-ды барып соққан. Нәтижесінде үш көлік те жол жиегінен шығып кетті.

«Mercedes» жол белгісін сұлатып, арыққа аударылған, ал «Toyota» мен «Nissan» арықтың үстінен ұшып өтіп, жол жиегінде тұрып қалған. Апат салдарынан «Toyota» жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғадан кейін ШҚАЖ бойында бірнеше шақырымға созылған кептеліс түзілді. Айта кету керек, апатқа ұшыраған көліктер жолды жауып қалмаған, кептелістің туындауына оқиға орнын тамашалау үшін жылдамдықты баяулатқан өзге жүргізушілер себеп болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий