Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададан кейін қанша миллион тапқанын айтты
739
Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев YouTube желісіндегі NAIZATV арнасына берген сұқбатында Олимпиададағы жетістігінен кейін қанша қаражат тапқанын айтты.
Олимпиададан кейін алған сыйлықтарымның бағасы 1 миллион долларға жақындап қалған сияқты. Толмады, бірақ жақындады. 300 миллион теңге деп айта аламын. Енді қазір алған жоқпыз ғой, шамамен соған жақындайтын сияқты деп тұрмын, - деді Ғұсман Қырғызбаев.Сондай-ақ жеке бапкері Ермек Насиев Олимпиада алдында Ғұсманға әлеуметтік желіні өшір деп талап қойыпты.
Екеуміз әлем чемпионатынан кейін отырып сөйлескенімізде әлеуметтік желіні өшір дедім. Олимпиадада нәтижеге жетіп жатсақ, әлеуметтік желіні құрметпен қосасың. Ұғатын адам ұғады. Әлеуметтік желіде көп отырған соң, уақытымыз бұзылады. Сондықтан әлеуметтік желіден демалу керек. Телефон демалса, ми істей бастайды. Кітап оқу да сол кезде басталады, - деді Ермек Насиев.
Соңғы жаңалықтар
18.06.2026
12:45
Министр сәбиін құшақтаған курьер әйел туралы ты...
18.06.2026
12:26
Атыраудағы отбасы өлімі: сот сарапшысы Наурызды...
18.06.2026
12:17
БАҚ: Қазақстандық кәсіпкер Ресейге әскери дронд...
18.06.2026
11:59
«59 жасында жұмыс іздеп жүр»: Нұрқаділовтің нем...
18.06.2026
11:15
«Көңілім қалды»: Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұр...
18.06.2026
11:02
«Дариға жүрек» әні Назарбаевтың қызына арналған...