Ипотекалық несие алушылар «Forte Bank»-тың әрекетсіздігіне шағымданды
0
244
Ипотекалық несие алушылар мен мүгедектерден құралған бастамашыл топ «Forte Bank»-тың әрекетсіздігіне шағымданып, Басқарма төрағасы Бекжан Пірматовтың отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды politico.kz.
Бейнежазбада көрсетілгендей, наразы топ банк соңғы уақыттары жұмыс тобының шешімі бойынша несиелерді қаржыландырудан және қайта қаржыландырудан бас тартып отырғанын, бұл өз кезегінде қоғамдағы экономикалық тұрақсыздыққа әкелетінін айтады. Оның үстіне қазір «Forte Bank»-тың рейтингі де бұрынғыдай шарықтап тұрған жоқ делінеді бейнежазбада.
«2015 жылы «Forte Bank»-ке ең көп қаржы құйылды. Ал, сол миллиардтар қазір қайда? СУСН санатындағы қарыз алушылар үшін 2/1 бөлімі бойынша борыштық жүктемені азайтуға бағытталған ақша қайда? Мемлекеттiк бағдарлама басқарма төрағасының қалауымен тыста қала ма? Біздің жалғыз баспанадан айырылып қалу қаупiміз бар.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға бұл мәселенің мән-жайын жеткіздік, банкке бұл түйткілді шешуді тапсырды. Алайда нәтиже жоқ. 37 адам араша күтеміз, Президенттен, жауапты орындардан үміт күтеміз, соттан да тайынбаймыз. Ашықтықтан алшақ «Forte Bank»-ке, кездесуден, әркез талқылаудан қашқан Бекжан Пірматовқа деген өкпеміз қара қазандай. Әлеуметтік желіге шығып, әуре болып отырғанымыздан да содан», – дейді бейнежазба авторы.Фото: forbes.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
18.12.2025
09:12
Air Astana ұшағы тағы да шұғыл қонуға мәжбүр болды
18.12.2025
08:16
“Ит емес, еркіне жіберіңіз”: Жұлдыз еркектер жа...
17.12.2025
22:44
Ұлттық құраманың футболшысы кімге үйленгенін кө...
17.12.2025
20:16
Әйгерім Қалаубаева танымал әншімен көзге түсіп,...
17.12.2025
19:29
Қазақстанда 800 мыңнан астам оқушы «Qarzhy Saqs...
17.12.2025
18:25
Жұбайынан мәһрге принтер сұраған мұғалім желі ж...