«Ішіп кеттім»: Нұрлан мен Мұрат көп қиындықты бастан кешкен
948
«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміров соңғы уақыттарда қатты қиналғанын айтып, жан сырын ақтарды.
Халыққа «Жұлдызым» әнінің клипі ұнады. Өмірден алынған оқиға. Продюсеріміздің досының басынан өткен жағдай екен. Сол желі бойынша түсірдік. Ол жігіт қазір қызымен жап-жақсы өмір сүріп жатыр екен. Қызы үлкен болып қалған. Кейде бізге сол әннің тарихы тиіп кетті ме деп те ойлап қаламын. Мен де қатты ауырып, белім сынып, арбаға отырып қалған кезім болды, – дейді әнші.Оның айтуынша, Мұрат та денсаулығы сыр беріп, белгісіз дертпен күрескен.
Үш-төрт жылдай қатты қиналдым. Сол кезде достарымның бәрін жоғалтып алдым, ішімдікке жақын адамдар айналама жинала бастады, ішіп кеттім. Өнер жайына қалды. Сондай жағдай бастан өтті. Мұрат та белгісіз дертпен күресті. Екі жылдай ауырып қалды. Әннің тағдырын өзіміз сезініп көрдік. Біздің дүрілдеген кезіміз қайда қалды деп қатты ойландық. Сол кездегі достар қазір жағдай сұрасып қана қоямыз. Бұрынғыдай араласпаймыз, – деді Нұрлан Әміров.
Соңғы жаңалықтар
25.03.2026
17:12
Тегеран Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хам...
25.03.2026
16:44
Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан ш...
25.03.2026
15:44
«Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым»: Рысб...
25.03.2026
14:31
Досаев президент әкімшілігіндегі лауазымынан бо...
25.03.2026
14:08
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Қазақс...
25.03.2026
13:27
Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі өзінен 20 жас ...